RU

Астанада мешітке келген адамның күртесін киіп кеткен азамат ұятқа қалды

Астаналық полицейлер мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 47 жастағы тұрғынды ұстады деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

4 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу С. Рахимов көшесінде орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген, оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған.

Шығын көлемі 200 000 теңгеге жуық.

Ер адам мешітке келушілердің біріне тиесілі күртені киіп, оқиға орнынан жасырынған.

Елорда полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізу барысында оның осыған ұқсас бірқатар ұрлық жасағаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710945-astanada-mesitke-kelgen-adamny-krtesin-kiip-ketken-azamat-atka-kaldy.html