RU

96 жастағы кейуананы зорлап тастаған жас жігіт алты жылға сотталды

24 жастағы Манчестер тұрғыны Джейк Моррис 96 жастағы кейуананы зорлағаны үшін алты жылға сотталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

96 жастағы кейуананы зорлап тастаған жас жігіт алты жылға сотталды
96 жастағы кейуананы зорлап тастаған жас жігіт алты жылға сотталды: UGC

Қарттар үйіне баса көктеп кірген азамат кейуананы зорлағаннан кейін оның әшекей бұйымдары мен теледидарын көтеріп кеткен. Сот қылмыскерді алты жыл төрт айға бас бостандығынан айырды.

Қарттар үйінің қызметкерлері шуды естігеннен кейін сексуалдық зорлықтан жарақаттар алған кейуананы көріп, бірден полиция шақыртқан.

Ізін суытып үлгерген қылмыскер көп ұзамай полицияға ұсталды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710966-96-zastagy-kejuanany-zorlap-tastagan-zas-zigit-alty-zylga-sottaldy.html