RU

Жүрсін Ерман бір-бірімен сыйыспай жүрген айтыскерлерге реніш білдірді

"Алтын домбыра" дәстүрлі сайысы биыл Жүрсін Ермансыз өткен еді. Айтыс атасы саналатын ақын бқл жолғы додаға көңілі толмағанын айтты. Ол бүгінгі айтыскерлердің жік-жікке бөлініп, бір сахнада отырып айтысудан қалып бара жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Айтыскерлер халықтың мұң-мұқтажын жырлаудың орнына, бір-бірімен сыйыса алмай әлек болып жүргенін Жүрсін Ерман мойындап отыр. Ол бір үйдің баласындай болған ақындардың қазір бір сахнада отырып айтысудан қалып бара жатқанына алаңдайды.

Ал осыған дейін ол айтысқа радикалды топтардан қауіп төніп тұрғанын айтып шырылдаған еді.

Биылға дейін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағын басқарып, бес мәрте «Алтын домбыра» сайысын ұйымдастырған Жүрсін Ерман бұл жолғы додаға көңілі толмағанын жеткізді. Себебі оның ұйымдастырылуы шала болып, тіпті біраз мықты ақындар шет қалыпты.

"Алтын домбырадан» айырылып қалдық. Оны Ақтөбеде ұйымдастырған болатын. Бұрын айтысқа қатыспаған биылғы жылдың, ақындар арасында өткен «Алтын домбыра» сайысы біздің көңілімізді көншітпеді. Сондықтан, біздің бірде бір одақтың мүшелері барып қатысқан жоқ", - дейді Жүрсін Ерман.

Қазір кейбір ақындардың тек дін төңірегінде толғанып, айтыстың ажарын қашырып жүргені туралы айтылып жүр. Халық арасында Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақов секілді сәйгүліктер Мұхамеджан Тазабектің жанына топтасты деген әңгіме бар. Алайда бұл сынға Мұхамеджан Тазабектің өзі түбегейлі келіспейтінін жеткізді.

"Дінге байланысты бөлінушілік айтыста болған емес негізінен. Көп жағдайда деген шығар, солай шығар, солай болуы мүмкін деген жорамалдармен ел арасында сондай түсінік қалыптасып қалды. Әйтпесе, айтыс төңірегінде болып жатқан дау дамайға діннің еш қатысы жоқ", - деді Мұхамеджан Тазабек.

Айта кетейік, "Алтын домбыраның" биылғы додасы Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы аясында ұйымдастырылған еді. Оған Жүрсін Ерман қатыспай, сайысты Көпен Әмірбек жүргізген болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710986-zrsin-erman-bir-birimen-syjyspaj-zrgen-ajtyskerlerge-renis-bildirdi.html