RU

Обырмен ауырған 27 жастағы арудың өлер алдында жазған хаты жұртты жылатты

27 жастағы жаңа оңтүстік Уэльс штатының тұрғыны Холли Батчер 2018 жылдың төртінші күні обыр ауруынан көз жұмды. Оның өлер алдында жазып қалдырған хаты жұртты жылатты деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Холли Батчер. Фото. life.ru
Холли Батчер. Фото. life.ru: UGC

Холли хал үстінде жатып дерті әбден дендеген кезде бар халыққа арнап хат жазған. Туыстарынан өзі көз жұмғаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялауды өтініпті.

Холли Батчер. Фото. life.ru
Холли Батчер. Фото. life.ru: UGC

"Өмірдегі мағынасыз мәселелерге, күйзеліске жай ғана ішіңіз ауырып қалғандай қарап, аса мән бермеңіз. Бар әлемге жалпылама көзқарас ұстансаңыз оның соншалықты маңызды емес екенін байқайсыз. Терең тыныс алып, аспанға қараңыз. Демалып тұрғаныңыздың өзі қандай керемет бақыт екенін ойлап көріңізші", - деген марқұм Холли адамдарды өмірді бағалауға шақырған.

Холли Батчер. Фото. life.ru
Холли Батчер. Фото. life.ru: UGC

Сондай-ақ ол алтын уақытты дүкен аралап киім алуға немесе әлеуметтік желіге қай суретті қоямын деп өткізбеуге кеңес беріпті.

"Өмір керемет суреттерге түсіп, оны экранның арғы жағындағы адамдарға көрсетумен ғана шектелмейді. Шын бақытты сәттер үшін тіпті ақша да қажет емес. Менің жасым бар болғаны 27-де және мен өмірді сондай жақсы көремін. Өлгім келмейді... Адамдар әрбір күннің өзіне берілген құқық емес, өлшенбейтін сый екенін және оны алдын ала болжап білу мүмкін еместігін ұмытып бара жатқандай", - деп аяқтаған ол өз хатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711008-obyrmen-auyrgan-27-zastagy-arudy-ler-aldynda-zazgan-haty-zrtty-zylatty.html