RU

Жыбырлап жатқан қуырылған балықтар жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Желіде қуырылған балықтардың жыбырлап жатқан видеосы тарап кетті. Таңғаларлық бейнежазба Хунань провинциясында түсірілген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Видеода балықты көрген мейрамхана қонақтарының бірі шошып кетіп айқайлап жатқаны естіледі. Желі қолданушылары оны қуырған аспазды "неге дайындамас бұрын өлтірмеген" деп сөкті. Олар жартылай тірі балықты жеу өте қауіпті, әрі жиіркенішті екенін айтады.

Ал британдық Metro басылымы, балықтың миы мен жүрегі өлсе де кейбір бұлшықеттерінің жасушалары әлі де сезімталдығын жоғалтпауы мүмкін екенін жазуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711011-zybyrlap-zatkan-kuyrylgan-balyktar-zrtty-zagasyn-statty-video.html