RU

Каспий теңізінің "қызыл суы" жұртты алаңдатты (фото, видео)

Каспий теңізінің Ақтау қаласындағы жағалауы қызыл түске айналып, жұрттың алаңдаушылығын тудырды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Каспий теңізі. Фото: lada.kz
Каспий теңізі. Фото: lada.kz: UGC

Теңіз суы әсіресе бірінші шағын аудандағы "Шағала" қонақ үйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі аумақтарда қызара түскен.

Каспий теңізі. Фото: lada.kz
Каспий теңізі. Фото: lada.kz: UGC

"Судың қызаруы екі апта бұрын байқала бастады. Ол кезде азырақ білінетін. Ал қазір теңізге қан құйып жібергендей", - дейді тұрғындар.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Айта кетейік, осыған ұқсас құбылыс 2017 жылдың мамыр айында тіркелген болатын. Ол кезде эклологтар судың қызаруын жыл сайын жағалауға тасталатын теңіз балдырларының әсерінен деп түсіндірген.

Мамандар аталмыш құбылыстың еш зияны жоқтығын айтып сендіруде. Егер ол ластанудан болса, онда судің беті түрлі-түсті көпірікке айналар еді дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711013-kaspij-teizini-kyzyl-suy-zrtty-aladatty-foto-video.html