Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жылдан бері көше сыпырып жүрген миллионер әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Қытайлық Чжун Цунжун есімді кәсіпкер миллионер үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинап жүр. RT арнасы қарапайымдылығымен ерекшеленген жан туралы сюжет түсірген деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үш жылдан бері көше сыпырып жүрген миллионер
Үш жылдан бері көше сыпырып жүрген миллионер: UGC

51 жастағы Чжун Цунжун - жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп және автомобиль сату саласында жүрген кәсіпкер. Оның айтуынша, әр адам жоғары қызметіне қарамастан, қоршаған ортаға пайдалы әрекет жасауы тиіс.

Бизнесменнің үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинауына 2015 жылы аралда кездестірген Цинхуа университетінің профессоры себепші болған. Әлгі профессор төрт жыл бойы жағажайды қоқыстан тазартып келіпті.

Кезекті демалыстан оралған миллионер профессордан көргенін жасай бастаған.

Бай қытайлық, тіпті, жақын маңдағы мейрамханаларға барып, қоршаған ортаны таза ұстау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіпті.

Чжун өзінің қызметкерлерін де осылай жасауға шақырады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711037-s-zyldan-beri-kse-sypyryp-zrgen-millioner-lemdi-tagaldyrdy/

pixel