RU

Теміртауды басып тастаған қап-қара қар тұрғындарды шошытты (фото)

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы шаһарды басып қалған қара түсті қарға қатысты әкімнің экология қызметінің мамандарынан жауап күтіп отырғандарын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Теміртауды басып тастаған қап-қара қар жұртты алаңдатты (фото)
Теміртауды басып тастаған қап-қара қар жұртты алаңдатты (фото): UGC

Кіршіксіз ақ қарды армандаған теміртаулықтар әлеуметтік желілерде қаладағы қара түске боялған қардың суреттерін жарыса бөлісіп жатыр.

Солардың бірі Денис Горобец өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырған. "Терезенің алдындағы және терезенің жақтауындағы қар. Құрметті, Теміртау қаласының әкімі, сіз көшеде не болып жатқанын көрмей отырсыз ба? Әрекет ететін кез келді ғой!", - дейді тұрғын.

Теміртауды басып тастаған қап-қара қар жұртты алаңдатты (фото)
Теміртауды басып тастаған қап-қара қар жұртты алаңдатты (фото): UGC

Ашынған тұрғынның жазбасына пікір қалдырған Теміртау әкімдігінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева қала басшысының тиісті жерлерден жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.

"Туындаған жағдайға байланысты қала әкімі Экология департаментіне халықтың пікірімен, суреттермен және экологиялық қызметтің жауабымен қосып хат жазды. Жауап күтіп отырмыз. Өкінішке орай, қалалық экология қызметі қалада жоқ", - деп жауап қайтарған хатшы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711043-temirtaudy-basyp-tastagan-kap-kara-kar-trgyndardy-sosytty-foto.html