RU

Қытай жағалауында екі кеме соғысып, 32 адам жоғалып кетті

Қытайдың транспорт министрлігі ел жағалауында мұнай танкері жүк кемесімен соқтығысып қалғаннан кейін 32 адамның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

Қытай жағалауында екі кеме соғысып, 32 адам жоғалып кетті
Қытай жағалауында екі кеме соғысып, 32 адам жоғалып кетті: UGC

Министрлік мәліметінше, 6 қаңтар күні кешке мұнай танкері өртенген кезде оның экипажынан 32 адам жоғалып кеткен. Оның ішінде 30 адамның Иран азаматы екені, екі адамның Бангладеш азаматы екені айтылады.

136 мың тонна жүк артып келе жатқан танкерден мұнай өнімдері теңізге төгіліп, соңы өртке ұласқан.

Ал екінші жүк кемесіндегі Қытайдың 21 азаматы құтқарылған. Пама туын таққан мұнай танкері Оңтүстік Кореяға бет алыпты. Ал екінші Гонконг туын таққан жүк кемесі 64 мың тонна астық тасып бара жатқан. Оқиға Шанхайдан шығысқа қарай шамамен 160 мил жерде болған.

Қытайдың мемлекеттік Xinhua жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, сегіз Қытай кемесі іздеу операциясына жұмылдырылған. Агенттік Оңтүстік Кореяның да ұшақ пен жағалау күзеті кемесін осы операцияға аттандырғанын хабарлаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711045-kytaj-zagalauynda-eki-keme-sogysyp-32-adam-zogalyp-ketti.html