RU
Танымал әнші өзге әйелді жүкті қылып қойған күйеуінің өзін тастап кеткенін айтты

Танымал әнші өзге әйелді жүкті қылып қойған күйеуінің өзін тастап кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Тамара Асар жарының өзі Мәскеуден емделіп келгенде басқа бір бойжеткенді жүкті қылып, сол жанға үйленгісі келетінін жеткізгенін айтты. Tengrinews.kz сайтына сұқбат берген әнші күйеуін бұл әрекеті үшін еш сөкпей, керісінше түсіністік танытқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Тамара Асар. Фото: Интернет желісінен

Тамара Асар. Фото: Интернет желісінен

«Мен үшін көтеріп қойған адамдар болды. Бір күні Мәскеуден келдім, Самат маған: «Сенің ақылың бар ғой» деп ар жақтан сөйледі. Мен «иә, ақылдымын» деп отырсам: «Тамара, оның аяғы ауыр» деді. Мен: «Үйлену керек онда» дедім. Сонымен үйленді.

«Бала өмірге келеді» деген сөз менің жүрегімді қозғады. Менде еш реніш болмады. Еркекті әйелден жоғары қою қазақтың тәрбиесіндегі үлкен философия. Мен еркек не істесе де соныкі дұрыс деген тәрбиемен өскенмін ғой. Тұрмысқа шығып бара жатқанда анам: «Құдайыңды білесің ғой. Қазір екінші құдайың - күйеуің» деді. Мен одан алатын жарының кім екенін, қандай жан екенін сұрамағанмын»,- деді әнші.

Сұқбаттасушы Ләйлә Сұлтанқызының: «Мүмкін сен күйеуіңді жақсы көрмеген шығарсың» деген сұрағына ол керісінше жары Саматты қатты жақсы көргенін, ол үшін қыстың күні де құлпынай өсіргенін айтты.

«Қыстың күні оған арнап құлпынай, гүл өсіретінмін. Мүмкін оның қимыл-іс әрекетінің бәрін дұрыс деп бағалаған шығармын. «Онда үйленуің керек» деген сөзім бірінші -балалығым, екінші өз-өзіме деген сенімсіздігім деп ойлаймын. Бір әкеден қазір үш бала бар. Өмірден ерте кетті. Менің ең ренжіген нәрсем: "Сені мен сияқты бағаламағаны-ау" дедім. Бұл өмірде біреудің біреуге үйленгені, ғашық болғаны керемет нәрсе. Ол үшін шаш ағартып, бас ауыртуға болмайды.

Әрине кешірімді адамдар өте сирек. Мен бағаланудың, бағалаудың өзгеруін үйрендім»,- деді ол.

Айта кететіні, әншінің Самат есімді жары өмірден 30 жасында өткен. Бүгінде Тамара Асардың ер жетіп қалған Қамбар есімді ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз
9
10
21
44
14
104
27
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel