RU

Ашулы әйел өзін зорламақ болған күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Индияда 40 жастағы еркек түскі үзілісте үйіне мас күйде келіп, балаларының көзінше әйелімен күштеп жыныстық қатынасқа түспек болған. Салдарынан жары оның жыныс мүшесін кесіп тастады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Сириседу қаласында Равиндер есімді азамат үйіне мас болып келіп, жарын балаларының көзінше зорламақ болған. Әйелдің айтуынша ол күйеуінен үнемі зәбір көріп келген. Алайда осы жолы шыдамының шегі жетіп, Равиндердің сазайын тарттырмақ болыпты. Асүйде тұрған пышақты алып, азаматтың әуретті жерін кесіп тастайды.

Енді күйеуі ауруханада, ал өзі абақтыда қамалып отыр. Әйел «қасақана адам өлтірмек болды» деп айыпталуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711197-asuly-jel-zin-zorlamak-bolgan-kjeuini-zynys-msesin-kesip-tastady.html