Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО тұрғыны балаларының көзінше әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жіберген

Опубликовано:

СҚО Вишневка ауылында тұрған Тарасовтар отбасының ошағы ойран болды. Отағасы балаларының көзінше әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болған деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

43 жастағы Юлия Капустина өзін өлтірмек болған күйеуінен төрт бала сүйген. Қайғылы оқиға болатын күні олар Настя есімді қыздарының 12 жасқа толған туған күнін атап өтіпті. Онсыз да алкогольдік сусынға құмар еркек масайып алған соң, балалары мен әйеліне "бәріңді бауыздап тастаймын" деп қорқытқан.

Осылайша азамат пышағын алып әйеліне бас салады. Өзінің істегенін көріп есін одан сайын ауысқан ол өзін өртеп жібермек болған. Сөйтіп өзімен қоса екі жыл бұрын әзер алған үйін де күл-талқанын шығарып жағып жібереді.

Қазір әйелі мен күйеуі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал балалары не үйсіз, не ата-анасыз далада қалды. Айтуларынша олар енді безбүйрек әкелерін көргісі келмейді. Тіпті жазылып шыққан күннің өзінде түрмеде отырып жазасын алсын дейді.

Тағдыр тәлкегіне түскен Тарасовтар жағдайы енді қалай болары беймәлім. Барлық мәселе үй ересектері аяққа тұрып келген соң шешілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1711210-sko-trgyny-balalaryny-kzinse-jelin-pysaktap-artynan-zin-rtep-zibergen/

pixel