RU

Зейнеткерлікке ертерек шығудың жолдары қандай?

Бүгінде елімізде зейнет жасына жетпей жатып та зейнеткерлікке шығуға болатынын барлық адам біле бермейді. Оған жетудің жолдары мен шарттарын КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов зейнеткерлікке ертерек шығудың жолдарын жік-жіктеп түсіндіріп берді.

"Бүгінде елімізде зейнет жасына жетпеген адамдар да зейнеткерлікке шығуына болады. Яғни зейнетақы қорында жиналған ақшаны пайдалана алады. Ол үшін азаматтар сақтандыру компаниясымен шарт жасасуы керек", - дейді маман.

Оның айтуынша сақтандыру компаниясына ақша жинап зейнетке шығудың екі шарты бар. Ер азаматтар 55 жастан асқан және зейнетақы жинақ қоры 9 636 000 теңгеге жеткен болуы керек. Ал әйелдер жасы 50-ден жоғары және жинақталған сомасы 13 746 000 теңгеден кем болмауы тиіс.

Сондай-ақ зейнетақыны Қазақстан азаматтары үш жағдайда мерзімінен бұрын шешіп ала алады:

1. Сақтандыру компаниясы арқылы жиналған зейнетақы қоры өз деңгейіне жеткенде (жоғарыда айтылған әдіс)

2. Азаматтың түпкілікті қоныс аударуына байланысты

3. Азаматтың қайтыс болуына байланысты оның мұрагерлері жинақталған зейнетақысын ала алады.

Айта кетейік 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 33 745 теңге болып бекітілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711212-zejnetkerlikke-erterek-sygudy-zoldary-kandaj.html