RU

Каспий теңізінің неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды

Мамандар Каспий теңізі жағалауындағы су балдырлардың кесірінен қызыл түске енгенін анықтады деп хабарлайды LADA.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Каспий теңізінің неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды
Каспий теңізінің неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды: UGC

Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Руслан Төкенов мәлімдеді.

Каспий жағалауындағы балдырлардан сынама алған экологтардың айтуы бойынша, қоршаған орта ластанбаған.

"Біз төңіректі шолып шығып, зертханаға арнайы сынама алдық. Бізбен бірге "Қазгидромет" РМК мамандары да жұмыс істеді. Қазіргі таңда талдау жүргізіліп жатыр. Балдырлар кейде қызыл түске боялады, сол себепті теңіз суында осындай реңк пайда болған.

Ондағы құстар осы балдырлармен қоректеніп жатса керек. Бұл - еш зиян келтірмейтін табиғи процесс. Зерттеу қорытындысында балдырлар қоршаған ортаны ластай ма, жоқ па, нақты белгілі болады", — деді Руслан Төкенов.

Айта кетерлігі, теңіз суының түсі өзгергенін ақтаулықтар 6 қаңтарда байқаған еді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711219-kaspij-teizini-nelikten-kanga-boalgany-belgili-boldy.html