RU

10 жыл ішінде адам сенбестей өзгерген отандық әншіні тыңдармандары танымай қалды (видео, фото)

Белгілі әнші Мархаба Сәбидің он жыл бұрынғы келбеті көпшілікті шошытты. Әнші желідегі парақшасында 7 жыл бұрынғы суреті мен қазіргі кезін салыстырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Мархаба Сәби. Фото: Instagram
Мархаба Сәби. Фото: Instagram: UGC

"Мен осындай болғаныма сенесіздер ме? Музыка болмағанда Сумомен айналысатын ба едім...", - деп жазды ол парақшасында.

Әншінің суретін көрген тыңдармандары өз көздеріне өздері сене алмайтындарын жазды.

Мархаба Сәби. Фото: Instagram
Мархаба Сәби. Фото: Instagram: UGC

"Мынау сіз емессіз-ау, тани алмай тұрмын", "Қалай арықтадыңыз, бізге де айтыңызшы", "Мүмкін емес, қазір өте сұлусыз", "Өтірік, сене алмаймын", "Фотошоп, мүмкін емес", "Арықтататын дәрінің жарнамасы шығар",- деп жазды желідегілер.

Әнші болса аталған суретті парақшасында жариялағаннан кейін арықтаудың құпиясын сұрап, хат жазған қыздардың көп болғанын жеткізді. Сол себепті Мархаба арықтаудың құпиясын сұрағандарға арнап, видео сәлемдеме жолдады.

"Арықтау үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керек. Өз ағзаңызды тыңдап, күйзеліске түспей, бақытты өмір сүріңіз! Дұрыс тамақтанудың не екенін өз бетіңізбен зерттеп, оқып, біліп алғаныңыз өте керек. Соңында барып жеке тамақтануға көшуге болады.

Бұл өмірде оңай ештеңе жоқ. Ешнәрсе өз-өзінен бола салмайды. Сиқырлы дәріні іше салып, бақытты бола салмайсыз. Кішігірім осындай жеңістерден жеңіске жеткеніңді көру бақыт емес пе?!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711264-10-zyl-isinde-adam-senbestej-zgergen-otandyk-nsini-tydarmandary-tanymaj-kaldy-video-foto.html