RU

Қайрат Нұртастың анасы көпшілікке қос құдағиын көрсетті (фото)

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова көпшілікке қос құдағиын көрсетті. Гүлзира Айдарбекова құдағиларымен бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялады.

Гүлзира Айдарбекова құдағиларымен. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова құдағиларымен. Фото: Instagram: UGC

"Маған арнап "бриллиант" қыздар туып берген құдағиларымды қалай жақсы көрмеске?! Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! Алланың қалауымен осындай аналарды менімен туыс еткен Құдайға мың шүкір! Аналарымыз аман болсын!",- деп жазды Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекова туыстарымен. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова туыстарымен. Фото: Instagram: UGC

Келіндері мен құдағиларына жылы сөз арнап, олардың суретін жиі бөлісетін продюсерге желі қолданушылары ақ тілектерін білдіріп, түрлі пікірлер жазды.

Гүлзира Айдарбекова құдағиымен. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова құдағиымен. Фото: Instagram: UGC

"Алла тіл-көзден сақтасын! Татулықтарыңыз ажырамасын!", "Сондай қарапайым жансыз. Еш келініңізді, еш құдағиыңызды ренжітпей, бәрін тең көріп отырасыз", "Қандай әдемі көрініс! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз!", "Сізге қарап қызығамын. Үлгі боларлық жансыз",-деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711289-kajrat-nrtasty-anasy-kpsilikke-kos-kdagiyn-krsetti-foto.html