RU

Ақтөбеде екі баласымен қайтып келген қызын туған әкесі далаға қуып шыққан

Ақтөбелік тұрғын Гүлнəр Əлібекова екі баласын жетектеп көшеде қаңғып қалды. Келіншектің барар жері жоқ. 2 жəне 4 жастағы екі баласын жетектеген келіншек көмек сұрайды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Жолдасымнан ажырасқаныма жарты жылдай уақыт болды. Əкемнің үйіне бардым. Ол жақта өгей шешеме сыймай, үйде айқай болды. Балаларымды қарайтын адам болмаған соң мейрамханада ыдыс жуушы болып жұмыс істеп жүрген жұмысымнан шығып қалдым. Жұмыстан шыққаным үшін əкем үйден қуып жіберді. Баратын жерім жоқ. Көмек сұраймын. Екі баламды балабақшаға беруге менде ақша жоқ", -дейді Гүлнəр Əлібекова.

25 жастағы келіншек əкесі мен өгей шешесі шығарып жібергенде əжесінің үйіне барып тұрған. Жұмыс істемей, екі баламен отырғандықтан ол жаққа да екі күннен артық сыймайды.

Кеше барар жер таппай, екі баласымен кафелердің біріне түнемек болған келіншекке белсенді топ көмек көрсетті. Бірақ оның өзі біреудің үйі болғандықтан келіншекке көмек қажет екен.

Жалғызбасты ана Гүлнəр Əлібекованың телефоны: 8771 168 49 65

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711290-aktbede-eki-balasymen-kajtyp-kelgen-kyzyn-tugan-kesi-dalaga-kuyp-sykkan.html