RU

Екі баланың анасы күйеуінің педофил екенін біліп қойды

Шотландиялық Перт қаласының 35 жастағы тұрғыны Лиза Грей тұрмысқа шыққаннан кейін екі апта өткенде күйеуінің педофил екенін біліп қойды. Абырой болғанда, ер адам әйелдің екі баласына тиісіп үлгермеген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лиза мен Джон. Фото: life.ru
Лиза мен Джон. Фото: life.ru: UGC

25 жастағы жігітпен көңіл жарастырған екі баланың анасы оның педофил екенінен мүлде бейхабар болған. Жалғызбасты әйел Джон Грейді ниеті түзу жігіт санап, оның некелесу туралы ұсынысын қабылдайды.

Алайда Джон шын мәнінде ізіне түскен полицейлерден құтылу үшін әйелмен отау құрған екен.

Дегенмен тойдан кейін 13 күн өткенде полицейлер жас жұбайлардың үйіне баса көктеп кірді. Олар Джонның компьютерін тінтіп, ішінен 50 баланың жалаңаш суреті мен үш бейнежазба тауып алады.

"Менің балаларым осы үстелде сабақ орындайтын. Олар бұл суреттерді көріп қалуы мүмкін еді... Біздің некеміз бұзылды", - дейді Лиза.

Жігіт атаулыдан көңілі қалған Лиза бүгінде бар ойын жұмысына бағыттаған. Ал тәртіп сақшылары Джонды қамауға алды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711295-eki-balany-anasy-kjeuini-pedofil-ekenin-bilip-kojdy.html