RU

Премьер-министр журналистермен сұхбаттасуға өзінің мүсінін берген

Таиланд премьер-министрі конференцияда журналистермен сұхбаттасу үшін өзінің картон қорапшадан жасалған мүсінін әкеліп, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды tjournal.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Прают Чан-Оча. Фото: tjournal.ru
Прают Чан-Оча. Фото: tjournal.ru: UGC

Прают Чан-Оча атты Тай елінің премьер-министрі баспасөз конференциясында журналистердің сұрағына жауап бергңсң келмей, өзінің суреті салынған мүсінді алып келіпті.

Чан-Оча журналистердің алдына шығып қысқаша баяндамасын жасаған соң аз ғана тоқтап тұрып, сахнаға картоннан жасалған мүсінін алып шығады.

"Егер саясатқа немесе қақтығыстарға қатысты сұрақтарыңыз болса осы жігіт жауап береді", - депті басшы.

Белгілі болғандай, Таиланд үкіметі 2017 жылдың қараша айында жалпыұлттық сайлау өткізуге уәде етіп, үнемі кейінге шегеріп келген. Баспасөз өкілдері премьер-министрден осы туралы және монархтарды балағаттағандар түрмеде қанша уақыт отыратыны жайлы сұрауы мүмкін еді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711314-premer-ministr-zurnalistermen-shbattasuga-zini-msinin-bergen.html