Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жігіттері сығырайған көздерін үлкейту үшін пластикалық отаға көптеп жүгіне бастаған

Опубликовано:

Қазақстанда қыз-келіншектерді былай қойып, ер азаматтар да жаппай пластикалық ота жасатқанды әдетке айналдырып бара жатқан көрінеді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: goodhouse.ru
Көрнекі фото: goodhouse.ru: UGC

Сахнада жарқырап жүретін жұлдыздар ғана емес, қарапайым жігіттер де жүздеріне күтім жасауды құп санайды

"Әсіресе қазақ жігіттері көп келеді бізге. Сығырайған көзді үлкейтіп беріңіз, әжімдерімізді кетіріңіз деген сұрақтармен көп келеді. Ерінді біз үлкейтеміз. Ер азаматтарға бетін тартамыз. Иектің астындағы майды сорамыз. Және де мысалы жамбас айналасындағы жұмсақ тіндерді үлкейтетін де операциялар жасаймыз. Бұл енді меніңше жақсы тенденция. Ұялатын ештеңе жоқ деп ойлаймын", - дейді пластикалық хирург Айна Досан.
Шоу бизнеспен қоштасып, бизнесмен болып кеткен Шоқан Марат ұлы өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Эстрададағы әнімен, сымбатты сәнімен миллионер Райымбек Баталовтың қызының жүрегін жаулап алған Шоқан бетіне қазірдің өзінде биоревитализация жасап, яғни бетін томпайтып үлгеріпті.

Ал халық алдында қашанда ер мінезімен ерекшеленуге тырысатын әнші Серікбол Сайлаубек түрін түзегісі келетін еркектерді еріккендер деп есептейді екен.

"Алпыс жыл ат болғанша, алты күн айғыр болып кісінеп өлгенің артық. Әйел баласына хирургиялық пластикалық операция жарасатын шығар. Бірақ ер азаматқа өмірінде бір ақ рет хирургия керек екен да ол. Сүндетке отырғызған кезде. Көрдің ба?! Ер азамат сәл маймылдан сәл әдемі болсақ болды емес па?! Ең бастысы ішкі жан дүниең бай болған дұрыс та?!", - дейді әнші Серікбол Сайлаубек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1711375-kazak-zigitteri-sygyrajgan-kzderin-lkejtu-sin-plastikalyk-otaga-kptep-zgine-bastagan/

pixel