RU

Автокөлік тұрағында жұмыс істейтін 2-сынып оқушысы елдің наразылығын тудырды

Бішкекте автокөлік тұрағында жұмыс істейтін 2-сынып оқушысы елдің наразылығын тудырды. Кішкене қыздың қазірден бастап жұмысқа жегілгені туралы Балалар құқығын қорғау лигасының басшысы Назгүл Турдубекова өзінің Facebook парақшасында айтты деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Автокөлік тұрағында жұмыс істейтін 2-сынып оқушысы елдің наразылығын тудырды
Көрнекі фото: UGC

Оның айтуынша, Бішкектің Свердлов ауданының әлеуметтік даму басқармасы автотұрақта жұмыс істейтін кішкентай қызға қатысты пікір білдірген.

Белгілі болғандай, қыздың анасы кафеде тамақ тасушы болып қызмет атқарады. Ал әкесі Ресей федерациясында жұмыс істеген. Отбасы Ош облысынан Бішкекке көшіп келген.

Қыз 2-сынып оқушысы. Оқудан тыс уақытта ол автокөліктерге төленетін ақыны жинайды. Себебі, бұл автотұрақ балалардың туысынікі екен.

Ал желі қолданушылары болса, өз наразылықтарын білдіріп, түрлі пікірлер қалдырған. Олар қаршадай қыздың жұмыс істеуіне қарсы шығып, ренішін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711404-avtoklik-tragynda-zmys-istejtin-2-synyp-okusysy-eldi-narazylygyn-tudyrdy.html