RU
Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Рассказать Вконтакте

Сегізінші қаңтар күні сотта 1 млрд теңгені жымқырды деп күдіктелген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұраған болатын.

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған еліміздің шенеуніктері кімдер? (фото)

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған еліміздің шенеуніктері кімдер? (фото)

"Президенттің алдында кінәлі екенімді түсінемін.Танитын адамдарымды жұмысқа шақырған едім, алайда олар менің үмітімді ақтамады. Ол үшін жауап беремін. Менің сеніміме кіріп, өзімді пайдаланған адамдарды жаныма жақындаттым. Бұл үшін мемлекет басшысынан, барша халықтан кешірім сұраймын", - дейді сотта Бишімбаев.

"Азаттық Радиосы" осы орайда президенттен сот залында кешірім сұраған өзге отандық шенеуніктердің тізімін назарға ұсынды.

Серік Ахметов

Серік Ахметов

Серік Ахметов

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 2015 жылы жемқорлық үшін он жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Алайда сотта ол Қазақстан президентінен кешірім сұрап, 2017 жылы түрмеден шықты.

Мұрат Оспанов

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Мұрат Оспанов

Монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспанов 2014 жылы пара алды деген күдікпен құрықталған еді.

"Маған үлкен үміт артқан президенттің сенімін ақтай алмадым. Өкінемін. Қатты өкінемін", - деп өкінішін білдірді Оспанов.

Сот Оспановты кінәлі деп тауып, 1 млрд 101 млн 60 мың теңге айыппұл тағайындады және мүлкін тәркіге алды.

Жақсылық Досқалиев

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Жақсылық Досқалиев

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев 2011 жылдың 5 тамызында жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол ірі сомада пара алғаны үшін айыпталып, кейін президенттен рақымшылық танытуды сұрайды. Досқалиевтың өтініші орындалып, ол 2012 жылы бостандыққа шықты.

Серік Баймағанбетов

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Серік Баймағанбетов

Кедендік бақылау комитетінін экс-төрағасы Казахстана Серік Баймағанбетов 2012 жылы пара алағаны үшін қамауға алынған. Ол да сотта Назарбаевтан кешірім сұрайды.

2015 жылы Баймағанбетов түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Бауыржан Әбдішев

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Бауыржан Әбдішев

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 2014 жылы жемқорлық жүйесін құрды деген күдікпен қамауға алынған.

Сотта ол кешірім сұрап, "президент пен халықтың алдында адал қызмет еткенін" алға тартады. 2016 жылы ол артты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Ерлан Арын

Сотта Назарбаевтан кешірім сұраған отандық шенеуніктер кімдер? (фото)

Ерлан Арын

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын 2014 жылы ақша жымқырды деген күдікпен құрықталған.

Ол сот залында президенттен кешірім сұрап, сот Арынды үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
7
0
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel