RU
Шымкенттік депутаттар Назарбаевтың атына тағы бір көше беруді сұрап отыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шымкенттік депутаттар Назарбаевтың атына тағы бір көше беруді сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тағы бір Назарбаев даңғылы пайда болады. Бұл туралы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының XVIII-ші кезектен тыс сессиясында белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ ОҚО әкімдігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік депутаттар Назарбаевтың атына тағы бір көше беруді сұрап отыр

Шымкенттік депутаттар Назарбаевтың атына тағы бір көше беруді сұрап отыр

Сессия барысында мемлекеттік-құқықтық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың төрағасы Өмірзақ Мәгелекханов Шымкент қаласындағы Астана көшесіне елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсынысты жариялады.

Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдай кетті.

Шымкенттегі Астана даңғылында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласы мәслихат депутаттарының Фурманов көшесін Назарбаев даңғылына өзгерту туралы шешімі белгілі болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
0
0
1
4
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір