RU
Танымал саясаттанушы: Елдегі жемқорлықпен күресті «адал» деп айта алмаймын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Танымал саясаттанушы: Елдегі жемқорлықпен күресті «адал» деп айта алмаймын

Расказать Вконтакте

Парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлер жайлы ақпараттан көз сүрінеді. Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы шендіден шекпендіге дейін пара алғаны үшін күн сайын кемі екі-үш азаматты құрықтауда. Әртісі де, әкімі де жемқорлықтың шырмауына түсіп, мың теңгеден миллиондап «рахмет» алып жатқандарды қамауды саясаттанушы «көзбояушы шабаққа» балап отыр деп хабарлайды NUR.KZ. порталы.

Танымал саясаттанушы: Елдегі жемқорлықпен күресті «Адал» деп айта алмаймын

Танымал саясаттанушы: Елдегі жемқорлықпен күресті «Адал» деп айта алмаймын

Мың жемқор ұсталғаннан елге келер пайда жоқ

«Біздің елдегі жемқорлықпен күрес науқанын «Адал» деп бағалай алмаймын. Торға түсіп жатқандар тек шабақтар, ал шортандар еркіндікте. Мысалы, 1 миллион доллар парамен құрықталып артынан құтылып кеткен Кимнің ісі осыны айқындайды. Күн сайын «бәлен ақша алып жатқан жерінен мемлекеттік қызметкер ұсталды» деп аттандағаннан түк те пайда жоқ. Себебі, 2016 жылы елімізде мың жемқор қазынаға 17 миллард теңге қайтарған. Ал, Сауд Арабиясындағы пара алған 15 шахзада ғана ел бюджетіне 100 миллард доллар төледі. Біздің ел пара алу жағынан арабтардан алды да болмаса кем емес. Яғни, елдегі коррупциямен күресті күшейтіп, жемқорлықтан тазарту үшін төбеден бастау қажет. Бұл менің жеке пікірім емес әлемдік тәжірибе»,- дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Жерқорлық. Фото: NUR.KZ.

Жерқорлық. Фото: NUR.KZ.

Қазақстанда коррупционерлер екі топқа бөлінеді

«Бізде жемқорлардың өзі екі қоғамдық кеңістікке бөлінеді. Яғни, бірінші шеңбер - қара халық, тиын-тебен алатын ұсақ мемлекеттік қызметкерлер, екіншісі – заңның тісі батпайтындар. Дәлірек айтсақ, 5-10 мың теңге пара алған жемқор сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ал миллион, миллиардтап жымқырғандар сот залынан босатылады немесе ақталады. Адами тұрғыды да, конституцияға да қарсы. Оны жақсылыққа балап, қуанатын нәрсе емес. Пара алдыма, ұсталды ма лауазымы, байлығына қарамастан ол да түрмеде отыруы қажет. Бізде оларды түрмеге отырғызу тұрмақ аттарын атауға қорғады. Мысалы, Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған билік өкілінің кім екенін әлі күнге дейін ешкім білмеуі сұмдық қой. Сондықтан да шортандарды ұстап, нағыз жемқорларды әшкерелемейінше елдегі коррупция күшейе береді» деп түсйіндеді саясаттанушы.

Расул Жұмалының сөзінше, елдегі жемқорлықтың жайлауына халықтың да кінәсы бар. Себебі, жұрт үкіметтегілер берген есепке қанағаттанып, нағыз парақорларды ұстауды талап етпейді. Өздері де тұрмыстық жемқорлыққа (жол полициясы, құжат жасату сынды қызметке пара беру) жол беруде. Сондықтан да Қазақстанда коррупция «Рухани кеселге» айналған деп бағалады ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша әлемде 131 орынға табан тіреген. Аталған сараптамаға 176 мемлекет қатыстырылыпты. Парарақорлармен күрес жөнінде Қазақстан тіпті, Гамбий сынды шағын мемлекеттен де көш соңында қалып қойған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
3
2
41
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір