Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ миллионері Қазақстанды тастап, шетелге көшіп кетті

Опубликовано:

Танымал қазақ миллионері Марғұлан Сейсембай Қазақстанды тастап, шетелге көшіп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал қазақ миллионері Қазақстанды тастап, елден көшіп кетті
Марғұлан Сейсембай. Фото: Instagram: UGC

Белгілі кәсіпкер неліктен Қазақстаннан кеткенін айтып берді. Оның айтуынша, ол өз елі мен жерін қанша жақсы көрсе де, шетелде тұруға мәжбүр болған. Шетелге кетуіне не себеп болғанын бизнесмен желіге жазып қойды.

"Достар, менің көп уақыттан бері шетелде жүргенімді байқаған шығарсыздар. Түрлі өсек пен қаңқу сөздер тарап кетпес үшін, себебін өзім жазайын.

Оған себеп, мені КМобайл мен Бител бойынша бұрынғы серіктесім Ескендір Ерімбетовтің ісі бойынша тергеуге шақыра берді. Оны 2017 жылғы 11 қарашада ақша жымқырды деп қамауға алған еді", - деп жазды ол.

Іс туралы және ол неліктен қозғалғаны туралы ештеңе айта алмаймын. Алайда мені КМобайл мен Бител жөніндегі келісімге қатысты сұрақтың астына алып жатыр, - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, екі компания арқылы тапқан табыстың барлығын ол Альянс банкке инвестициялаған.

"Мен мұны не үшін жазып отырмын. Бұл ашық хат емес, президентке ашық жолдау емес. Қоғамдастық тарапынан да қолдау іздеп отырған жоқпын.

Мұны жазуымның себебі, біріншіден, жасыратын ештеңем жоқ, екіншіден, жұртқа елден не үшін кеткенімді түсіндірмек болдым.

Саясатқа араласып, оппозицияға кіру және т.б. ойым жоқ. Мен жай ғана шетелде тұратын боламын. Осылайша, менің қолымнан келетін бизнеспен, қоғамдық істермен айналысып, экология мен саяхатқа көңіл бөлетін боламын.

Есікті тарс жауып кетіп бара жатқаным жоқ. Қазақстанға өзімнің және отбасымның қауіпсіздігіне толығымен көзім жеткенде ғана қайтып келемін. Елде жауым жоқ. Қазақстанды қатты жақсы көремін, бұл - менің Отаным, сондықтан ол қандай болса да, менің жүрегімде болады.

Қазақтар мен Қазақстанда тұратындардың барлығын жақсы көріп, аса құрметтеймін. Халқымды, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді шексіз сүйемін. Сондықтан Қазақстанға қатысты кез келген дүние мен үшін қымбат.

Шетелде жүріп, елімді сағынатын боламын. Шетел ешқашан туған жерімдей болмайды. Шетелде жүріп, бизнесін дөңгелетіп жүргендерге көмек беруден аянбаймын", - деді бизнесмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711564-tanymal-kazak-millioneri-kazakstandy-tastap-setelge-ksip-ketti/

pixel