RU
Динара Сұлтан жартылай жалаңаштанған қазақ қыздарына өкпесін жеткізді (видео)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Динара Сұлтан жартылай жалаңаштанған қазақ қыздарына өкпесін жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Динара Сұлтан Instagram парақшасында жартылай жалаңаштанған қазақ қыздарына өкпесін жеткізді. Әртіс желіде ерсі қылықтарын көрсетіп, балағат сөз айтатын қыздардың ата-аналары мен туыс-туғандарынан қаймықпайтынын түсіне алмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Динара Сұлтан тұңғышымен. Фото: Instagram

Динара Сұлтан тұңғышымен. Фото: Instagram

"Бәріміз де жас болдық, өз қателіктерімізде өсіп келе жатырмыз. Бұл жерде мен ешкімді кінәраттағым келмейді. Әрине, әр адамның өз тағдыры өз қолында. Кезінде, продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық ән айтқан кездер де болды, ол тек жастық шақ шығар… (сахналық образ). Қазір жалаңаш жүргендер аз емес, әсіресе өз парақшаларына ішімдік ішіп, темекі тартып, балағат сөз айтып отыратын жас қыздарды түсінбеймін. Қалай сонда? Ол қыз баланың оқырмандары қатарында туыс-жаран, ата-анасы жоқ па екен?! Әрине бар. Өкінішке орай, оның ішінде біздің де сіңілеріміз бар. Бір түсінбейтінім, келешекте мұндайлар қалай үйленеді, үй болады, қандай тәрбие балаларына береді екен?! Неге десеңіз, бұл Instagram, Facebook деген нәрселер жәй ғана ұмытылып, жоқ болып кетпейді. Әй, ақырзаман деген осы шығар… Құдай сақтасын, менің балаларым көрмесінші деп тілеп отыратын болдым",-деп жазды ол.

Динара Сұлтан балаларымен. Фото: Instagram

Динара Сұлтан балаларымен. Фото: Instagram

Әнші желіде жартылай жалаңаштанған қыздардың суреттері мен видеоларын жариялағанша, керісінше жас қыздарды ана болуға, ұрпақ тәрбиелеуге шақыратын мотивациялық дүниелерді салуға шақырды.

"Сіздер "не үшін бұл видео, не үшін бұл жазба?" деп ойланып отырған шығарсыз. Біздер "ойбай көз тиеді"- деп балаларымызды көрсетпеуге тырысамыз! Ол да дұрыс шығар… Ал сонда қалай болғаны? Жалаңаш кеудені салуға болады, ал мынадай мотивациялық видеоны көрсетпей тығып отыру керек пе?! Керісінше, жастарды ана болуға, бала тәрбиелеуге жетелеу керек деп ойлаймын. Сондықтан жастар, бақыт деген желіде отырып күні-түні жарнама жасау, не бар не жоқтығын көрсету емес, қанша шешінсең де барлық ақшаны таба алмайсың қарағым. Бақыт ол- еңбек ету, ұрпақ әкелу! Ата-анаңның саған деген ақталған сенімі!",-деп ақылын айтты көпбалалы ана.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
3
1
58
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel