RU
Аяғы ауыр келіншек емхана дәлізінде босанып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Аяғы ауыр келіншек емхана дәлізінде босанып қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайда аяғы ауыр келіншек дәл емхана дәлізінде шалбарын шешпей жатып босанып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Янг есімді әйел жүктіліктің 38-ші аптасында болыпты. Келіншектің босанған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда 32 жастағы Янг амалсыздан шалбарын шешпек болып жатқанда, нәресте дүниеге келіп қойғаны байқалады.

Оқиға 9 қаңтар күні Чанши емханасында болған. Дәрігерлер мен келіншектің күйеуі көмекке асығып, Янгты нәрестесімен емхана ішіне алып кетеді.

Белгілі болғандай, дүниеге келген қыз бала ауа жетіспеушілігінен аздап қиналып қалған. Дегенмен оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
10
5
2
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel