RU

Ұшып жатқан адамдар, 60 жол апаты: Ақ түтек боран Астананы әуреге салды (видео)

Бүгін Астанада дүлей боран соғып, қалада жүріп-тұру қиындай түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ұшып жатқан адамдар
Астанадағы боран: UGC

Жел жылдамдығының күшті болғаны соншалық, тұрғындар көшеде топтасып жүруге мəжбүр.

"Мынадай боранды соңғы 5 жылда көрмеген шығармыз. Сұмдық, адамдар көшеде бір-бірімен топтасын жүріп жатыр. Əйтпесе жел ұшырып əкетеді.

Астанадан басқа облыстарға қатынайтын барлық бағыттағы жолдар жабық дейді, дұрыс шешім, өйтпегенде жол апаты орын алуы əбден мүмкін",- дейді елордалық такси жүргізушісі.

Дүлей боранға байланысты қаладағы Қабанбай батыр даңғылы сияқты бірқатар көшелер де жабылған.

Қазіргі уақытқа дейін қалада 60-тан астам жол апаты тіркеліп, бір адам жарақат алған. Қаза болғандар жоқ.

Айта кетейік, кеше синоптиктер еліміздің солтүстік, орталық жəне шығыс өңірлерінде қатты жел тұратынын айтып, дабылды ескерту жариялаған еді.

Мамандардың мəліметінше, республиканың кей аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711607-syp-zatkan-adamdar-60-zol-apaty-ak-ttek-boran-astanany-urege-saldy-video.html