RU
Елімізде мұғалімдердің айлығын көбейту үшін 70 млрд теңге бөлінеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде мұғалімдердің айлығын көбейту үшін 70 млрд теңге бөлінеді

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елімізде мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 70 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы today.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Елімізде мұғалімдердің айлығын көбейту үшін 70 млрд теңге бөлінеді. Көрнекі фото: kavkazplus.com

Елімізде мұғалімдердің айлығын көбейту үшін 70 млрд теңге бөлінеді. Көрнекі фото: kavkazplus.com

"Мен алдын ала соманы атаған болатынмын, мұғалімдердің жалақысын көтеруге есеп жасалған. Шамамен 60-70 млрд теңге қажет болады, оларды есепке кіргізіп қойған. Басқа салаларда да нақты сандар бар", - дейді Сұлтанов.

Ол ұстаздардың жалақысын көтеру республикалық және жергілікті бюджетке нақтылаулар енгізуді қажет ететінін алға тартты.

"Қорлар (қаржылық - автор ескертпесі) түсінікті, жыл сайын біз жыл басында еркін қалған қаражатты пайдаланамыз, бізде үкімет қорында қарастырылған айтарлықтай үлкен көлем бар, оларды бөлуіміз қажет", - дейді Сұлтанов.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
3
9
31
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір