Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото)

Опубликовано:

Педофилдерге арналған балалар кейпіндегі секс-қуыршақтарды шығаруды ұсынған зерттеушілер әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы pure-t.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото)
Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото): UGC

Бірқатар зерттеуші ғалымдар балалар арасындағы зорлықты азайту мақсатында бүлдіршін кейпіндегі секс-қуыршақтар жасауды ұсынды.

Олар педофилдер балаларды емес, қуыршақтарды жаман ойын асыруға пайдалану арқылы қылмыстан аулақ болады деген пікірде.

Тіпті бұл ұйғарымдарын тексеру мақсатында арнайы зерттеу жүргізбек ниетте.

"Бізге жауабы әзірге белгісіз. Дегенмен педофилдердің бір қылмысқа қайта баруы - өршіп тұрған мәселе. Технологиялардың көмегімен оларды тоқтатудың барлық амалын қарастыруымыз керек", - дейді Джорджия штатындағы технологиялық институттың профессоры Рон Аркин.

Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото)
Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото): UGC

Дегенмен қуыршақтар, керісінше педофилдер санын арттырады деп санайтындардың қарасы басым. Олар адамгершіліктен ада болған азғындарды қуыршақтар тоқтатудың орнына жаңа қылмысқа итермелей түседі деуде.

Сол арада балалар кейпіндегі секс-қуыршақтарды шығару Қытай мен Жапонияда қолға алынып, әлемге тарап үлгерді.

Кей елдер бұл жайттың алдын алу үшін бала кейпіндегі секс-қуыршақтарға заңмен тыйым салып, оларды дер кезінде тәркілеп жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711673-pedofilderge-arnalgan-bala-kejpindegi-seks-kuyrsaktar-lemdi-dr-silkindirdi-foto/

pixel