Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саят Медеуов амалдың жоқтығынан депутат болып жүргенін айтты

Опубликовано:

Саят Медеуовтің Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланғанына тоғыз ай өтсе де, көпшілік халық бұл турасында хабардар емес. Әншінің өзі депутаттық мансапқа лайық еместігін тілге тиек етті деп хабарлайды Qazradio.fm сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Саят Медеуов. Фото: Интернет желісінен
Саят Медеуов. Фото: Интернет желісінен: UGC

"Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар. Мен сайланған кезде: "Ақшасы таусылған ғой", "халықты қанайын деген ғой", "халықты жейін деген ғой" деген сынды әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: "Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой" деп айттым. Сонда ол: "Досымсың ғой, досым болсаң шыда" деп қысқа қайырды.

Амал жоқ шыдап жүрмін енді. Өзінің қиындықтары бар, оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей", - дейді депутат.

Еске салсақ, Саят Медеуов 2017 жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1711679-saat-medeuov-amaldy-zoktygynan-deputat-bolyp-zrgenin-ajtty/

pixel