RU

Солтүстікте ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанның солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетіп, кей жерлерде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC
"Қазақстанның солтүстік бөлігінде, оның ішінде СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл соғатындығы ескертілді. Желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін, кей жерлерде 30 метрге жетеді.
Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы секундына 20 метрге болмақ. 12 қаңтар күні күндіз жел басылып, температураның айтарлықтай төмендейтіндігі күтіледі", - дейді Қазгидрометтің жетешкі инженері Мөлдір Есқалиева.

Қазгидромет өкілінің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы кей жерде -35 градусқа дейін төмендейді.

"Батыста да температура төмендейді деп күтілуде, термометр бағаны -22, -25, БҚО-ның кей жерлерінде -30 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде де тұрақсыз ауа райы күтіліп отыр, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады", - дейді ол.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711701-soltstikte-aua-temperaturasy-35-graduska-dejin-tmendejdi.html