RU
Пәкістанда аяусыз өлтірілген 11 жастағы қыздың өлімі қақтығысқа ұласты
Жаңалықтар Әлемде

Пәкістанда аяусыз өлтірілген 11 жастағы қыздың өлімі қақтығысқа ұласты

Рассказать Вконтакте

Пәкістанның Касур қаласында ереуіл соңы қақтығыстарға ұласып, екі адам қаза тапты. Ашынған жұрт полиция бекетіне басып кірмек болған деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: tvc.ru

Көрнекі фото: tvc.ru

Алайда тәртіп сақшылары жолын бөгеп, қарсы оқ атқан. Наразылық шарасына Зайнаб Ансари есімді 11 жастағы қыз баланың қазасы себеп болды.

Марқұмның мүрдесі 9 қаңтарда қоқыс тастайтын орыннан табылған. Белгілі болғандай, қаскөйлер оны зорлап, ізінше тұншықтырып өлтіріпті. Ал ереуілшілер соңғы 2 жыл ішінде қалада осыған ұқсас 12 дерек тіркелгенін айтады.

Соның бесеуін бір адам жасаған деген күдік бар. Алайда ашынған жұрт билік жантүршігерлік оқиғаларды тоқтатуға тырыспайды дейді.

Зайнабтың ата-анасының айтуынша, полицейлер жоғалып кеткен қызын іздемеген. Сөйтіп олар өз күшімен бейнебақылау камерасына түсірілген жазбаны тауып алыпты. Онда жеткіншекті белгісіз ер адамның жетектеп бара жатқаны жазылып қалған.

Бұл оқиға бүкіл Пәкістанда наразылық тудырды. Елдегі танымал актерлер де биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуын сұрап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
6
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel