RU
Аршавин өзі құшақтады: Отандық модель футболшының әйеліне жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Аршавин өзі құшақтады: Отандық модель футболшының әйеліне жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық модель Ольга Семенова Алматыдағы элиталық мейрамханада танымал футболшы Андрей Аршавинмен бірге болуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Mk.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қазақстандық модель Аршавиннің әйеліне: Ол өзі келіп мені құшақтады

Қазақстандық модель Аршавиннің әйеліне: Ол өзі келіп мені құшақтады

Бойжеткен Аршавиннің әйелі көрсеткен қоқан-лоққы бойынша прокуратураға жүгінетінін мәлімдеді.

Ольга Алиса Казьминаны жалған сөйлеп, ар-намысына кір келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартуға болатынын ескертуде.

Бойжеткен 2017 жылдың қазанында Аршавинмен мейрамханада кездескенін және желіде тарап кеткен видео сол жерде түсірілгенін айтуда.

Модельдің айтуынша, футболшы оған қасына отыруды ұсынып, өзі құшақтай бастаған. Ольга бұл жайтты видеоға түсіріп алуды ұсынады.

Қазақстандық модель Аршавиннің әйеліне: Ол өзі келіп мені құшақтады

Қазақстандық модель Аршавиннің әйеліне: Ол өзі келіп мені құшақтады

Мейрамханадан кейін Аршавин бастаған футболшылар мен тағы бір модель түнгі клубқа баруды шешеді. Ольга оларды жеткізіп салып, өзі үйіне кетіп қалғанын алға тартты.

Сол кештен кейін футболшыны көрген емеспін деген ару видеоның желіге қалай тарап кеткеніне де бейхабар болып шықты.

Бұл жайттан кейін модельдің ұялы телефонына Алисадан хабарлама келген. Ол Алисаның қоқан-лоққы көрсеткенін айтуда.

"Оның әрекеттерінен сескенемін. Не істемек ниетте екенінен бейхабармын. Түсініңіздер, мен фотомодельмін, өз келбетіммен ақша табамын. Егер менің келбетіме нұқсан келетін болса, мансабым құрдымға кетеді", - дейді ол.

Модель екі жыл бойы ешкіммен көңіл жарастырмаған екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
5
0
3
0
1
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір