RU

Алматыда алдағы үш күнде қалың қар жауады

Алдағы үш күнде Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Қалың қар, тіпті апта соңына дейін жалғасуы мүмкін деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алайда синоптиктер қыстың екінші жартысы қатты болмайды деген пікірде.

"Республиканың ауа райына кең ауқымды, төменгі қысым аймағы, циклон өзінің ықпалын тигізуде. Соған байланысты Алматы және Алматы облысы бойынша атмосфералық фронттар өтуде. Соның әсерінен Алматы қаласында алдағы үш тәулікте қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Ауаның температурасы түнде 5, 10 градус аяз шамасында болса, күндіз 1, 6 градус аяз болады", - дейді "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова.

Маманның мәліметінше, таулы аймақтарда да осы алдағы үш-төрт тәулікте қардың жаууы сақталады.

"Жауып жатқан қарға байланысты таулы аймақтарда да қар жамылғысының ұлғаюы күтіледі. Ауа температурасы тауда түнде 13, 18 градус аяз болса, күндіз 7, 12 градус шамасында болмақ", - дейді Айжан Жандосова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711766-almatyda-aldagy-s-knde-kaly-kar-zauady.html