RU
Лидия Кәденованың ұлы танымал быюти блогермен ажырасқанын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Лидия Кәденованың ұлы танымал быюти блогермен ажырасқанын мойындады

Расказать Вконтакте

Белгілі актриса Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден атышулы бьюти-блогер Айым Алтынбековамен ажырасқандарын мойындады. 365 Info сайтына сұхбат берген әнші өзін бойдақ сезінбейтінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Дидар Кәден отбасымен. Фото: Интернет желісінен

Дидар Кәден отбасымен. Фото: Интернет желісінен

"Мен қазір жарияға жар салып: "Мен бойдақпын" деп айта алмаймын. Аллаға шүкір, барлығы жақсы. Ортада бала бар дегендей. Жалпы алғанда ажырасып жатқан жалғыз мен емеспін ғой. Әркімнің өзінің жеке өмірі бар. Сол себепті жарияға жар салатын жаңалық емес ол",- деп айтты Дидар.

Әншінің бұрынғы жарының бьюти-блогер екенін меңзеген бағдарлама жүргізушісі: "Әдемі әйел -елдің әйелі" деген ұстанымға Дидардың көзқарасы қандай екенін сұрады.

"Ол сөздің де жаны бар. Қай еркек өзінің әйелінің әдемілігін жарияға жар салғанын қалайды? Оған намыстанбай: "Әйелім әдемі болып жүрсе болды" дейтін жігіттер де бар",- деді әртіс.

"Айымның Instagram жұлдызы болуы ажырасуларыңызға себеп болмады ма?" деген сұраққа ол: "Жоқ" деп жауап берді.

"Әйелін қызғанбайтын еркек еркек емес! Дінімізде де: "Әйелдеріңді қызғаныңдар" деп айтады ғой. Бірақ ол жанұялық жағдайға себеп емес. Ол-әдемілік, ол қазіргі заман ағымы. Қазір екі жігіттің бірі той ұйымдастырушы, екі қыздың бірі кірпік өсіреді. Жалпы бар нәрсе адамға байланысты",- деп ағынан жарылды әртіс.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
12
3
12
45
12
38
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір