Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда боранды күні туған сәби шетінеп кетті

Опубликовано:

Павлодарлық дәрігерлер боранды күні мерзімінен бұрын туған нәрестенің өмірін аман алып қала алмады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: nashgorod.ru
Көрнекі фото: nashgorod.ru: UGC

Бұл туралы агенттік тілшісіне перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова айтты.

"Таңертең дәрігерлер Ертіс ауданынан Павлодарға қарай жолға шықты. Ленин кенті маңында сәбидің жағдайы күрт нашарлап кетті. Бала тәулік бойы арнайы аппаратта болды. Сондай-ақ, бірқатар күрделі кешенді шаралар жасалды. Қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ уақытынан ерте туған қыз баланы құтқара алмадық", - дейді Айман Оспанова.

Еске салайық, 11-қаңтар күні облыста бойынша қатты боран соққан. Сол түні Ертіс ауданында мерзімінен ерте жеті айында 1631 грамм салмағымен туған сәбиді дәрігерлер қалаға жеткізуге тырысқан.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1711776-pavlodarda-borandy-kni-tugan-sbi-setinep-ketti/

pixel