RU

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен

Елорда тұрғындарын әуреге салған дауылды боран басыла бастаған секілді. Бүгін Астанадағы ситуация орталығында табиғи құблыстың салдары қандай жағдайларға әкеп соқтырғанын баяндалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен
Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен: UGC

Өткен тәулікте қысқы дауылдан зардап шеккендердің саны 79-ға жетті, олар жарақаттармен ауруханаға жатқызылмай-ақ медициналық көмекке қол жеткізді, деп жазады BNews Астана Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен
Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен: UGC

Дегенмен, Денсаулық сақтау басқармасы 39 адам зардап шеккені туралы мүлде бөлек мәлімет таратты. Олардың екеуі ауруханаға жатқызуды талап еткен. Қала тұрғындарының біреуі ауыр жарақат алды, бұл тіпті сүйегінің қырылуына әкеп соққан. Бұл деректерге Спутник Қазақстан сілтеме жасайды.

Астанадан 112-ке көмек сұрап хабарласқан 4 мыңнан астам шақыру келіп түскен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Астананың маңындағы жолдарда 70 автокөлік боран құрсауында қалған, кейбір жүргізушілерді эвакуациялау керек болды.

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен
Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен: UGC

Барлық жерлерде қоршаулар, ғимараттардың бөліктері мен басқа да объектілердің ұшуы 82 автокөліктің зақымдануына әкеп соққан.

Сол күні болған оқиғалардың барлығы үлкенді-кішілі 177 жол апатына себеп болған деп мәлімдеді Астана қалалық ІІД.

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен
Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен: UGC

Сондай-ақ, боран салдарынан 26 тұрғын үй кешеніне, атап айтқанда Алматы ауданында – 4, Сарыарқа ауданында – 8, Есіл ауданында 14 тұрғын үйге зиян келді.

Кейбір үйлердің фасады бүлінген, айналары сынған. Бұған қоса, 4 мектеп пен 3 балабақшаға да зиян тиді.

Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің шатыры ұшып кетіп, біраз шығын келтірді. Дәл қазіргі таңда коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен тұрғын күй кешені қызметкерлерінің арқасында келген шығын орнына келтіріліп жатыр.

Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен
Астанадағы ақтүтек боранның салдары: 79 адам мен 80 көлік зардап шеккен: UGC

Бұдан бөлек, қаладағы 16 аялдамаға зиян келіп, 131 бағдаршам орнынан қозғалған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711820-astanadagy-akttek-boranny-saldary-79-adam-men-80-klik-zardap-sekken.html