RU

Шетелде Шәмшінің әнін шырқаған Баян Алагөзова жұртты сүйсіндірді (видео)

Таиландта жақындарымен бірге демалып жүрген Баян Алагөзова Шәмшінің әнін шырқап, желі қолданушыларын сүйсінтті. Аталған сәттің видеосын продюсердің сүйіктісі Тұрсын Алагөзов Instagram парақшасында жариялады.

"Таиландта да Шәмші біздің жүрегімізде!",- деп жазды ол видео жанына.

Шәмшінің әнін атышулы продюсердің аузынан естіген желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатты.

"Қандай күшті! Қазақша біледі екенсіз ғой", "Шәмшінің әнін шетелде шырқап жүргеніңізге риза болып отырмын", "Бағымның даусы ерекше екен!", "Баян сізден мұндай ән күтпеген едім, қуанып отырмын",-деп жазды желі қолданушылары.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711824-setelde-smsini-nin-syrkagan-baan-alagzova-zrtty-sjsindirdi-video.html