RU
Балақайды құтқару үшін мұз астына түскен азамат жұрттың жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Балақайды құтқару үшін мұз астына түскен азамат жұрттың жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында ержүрек азамат мұз астына түсіп кеткен балақайды құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұз үстінде ойнамақ болған 10 жасар жеткіншек су астына түсіп кетеді. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер ойлануға уақыт жоқтығын түсініп, үлкен тәуекелге барған.

Ержүрек өрт сөндіруші мұзды сындырып отырып, балақайға жүзіп барады. Ол балақайды ұстай алған сәтте, өзге өрт сөндірушілер екеуін арқанмен тартып, шығарып алған.

Балақай да, өрт сөндіруші де дін аман.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
8
47
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel