RU
Алматы облысында 23 жастағы жігіт еттартқышпен әкесінің басын жарып қойды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында 23 жастағы жігіт еттартқышпен әкесінің басын жарып қойды

Расказать Вконтакте

Алматы облысында полицейлер жанжал кезінде әкесінің басын жарған жас жігітті ұстады деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында 23 жастағы жігіт әкесінің басын жарып тастады

Алматы облысында 23 жастағы жігіт әкесінің басын жарып тастады

11 қаңтарда Кербұлақ аудандық ауруханасына Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны жекізіледі. Белгілі болғандай, туған ұлымен жанжалдасып қалып, ол әкесінің басын жарып қойған.

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зардап тигізді деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады. Төбелес кезінде оның әкесін ет тартқышпен басынан ұрғаны анықталды. Ас үй құралын полицейлер тәркілеп, қылмыстық өндіріс материалдарына тіркеп қойды.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған жігітті Кербұлақ аудандық полициясы қамауға алды.

Облыстық департаменттің хабарлауынша, күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
6
2
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір