Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз біреу оралдық тұрғынның есепшотынан 17 млн теңге жымқырған

Опубликовано:

Оралда үйін сатпақшы болған әйел алаяқтардың құрығына түсіп, есепшотындағы 17 млн теңгесінен айырылып қалды деп хабарлайды "Қазақстан" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгісіз біреу оралдық тұрғынның есепшотынан 17 млн теңге жымқырған
Белгісіз біреу оралдық тұрғынның есепшотынан 17 млн теңге жымқырған: UGC

Оқиға желтоқсан айында болған. Әйел адам интернеттегі жарнама сайттарына «пәтер сатамын» деп хабарландыру беріпті.

Іле-шала белгісіз біреулер «мүлкіңізді сатып аламыз» деп хабарласып, ақшаның бір бөлігін алдын ала салып жіберу үшін үй иесінің жеке куәлігі мен банк картасының нөмірін сұраған.

Қаперінде ештеңе жоқ азаматша жеке құжаттарын фотоға түсіріп, «WhatsApp» желісімен бейтаныс адамдарға жіберген. Ал, алаяқтар деректерді мобильді банкингке тіркеп, әйел адамның депозиттік шотынан 17 млн. теңгесін алып қойған.

Әрі банк қызметкерлерінің көзіне түспеу үшін қаржыны бір күнде емес, араға уақыт салып, аз мөлшерде алып тұрған.

Ішкі істер органдары осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711865-belgisiz-bireu-oraldyk-trgynny-esepsotynan-17-mln-tege-zymkyrgan/

pixel