RU
Шымкентте жұртты тақырға отырғызған "банк басшысы" іздестірілуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жұртты тақырға отырғызған "банк басшысы" іздестірілуде (фото)

Расказать Вконтакте

Шымкентте салымшылардан ірі көлемде пара алған "банк басшысы" іздестірілуде. Көпке өзін бастықпен таныстырған азамат алаяқ болып шыққан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте ірі көлемде пара алған "банк басшысы" іздестірілуде (фото)

Шымкентте ірі көлемде пара алған "банк басшысы" іздестірілуде (фото)

Бұл жағдайды тергеу кезінде полицейлер анықтап, салымшыларды сазға отырғызып кеткен алаяқ басшыны іздеп жатыр.

45 жастағы күдікті қаладағы банктердің бірінің филиал төрағасы болып өзін көпшілікке таныстырған. Сүйтіп салымшылардың сеніміне кіріп, ақшаларын алаяқтық жолмен иемденеді. Ісі біткен соң, белгісіз бағытқа қарай тайып тұрған.

Аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4 бөлімі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полицейлер Көлбаев Нұржанның болуы мүмкін мекен-жайын анықтау мақсатында барлық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздестіруде жүрген тұлғаны тауып, оны ұстау үшін ОҚО ІІД КПБ және Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.

Егерде 1973 ж.т. Көлбаев Нұржан Бауыржанұлының қайда жүргені туралы ақпарат біліп жатсаңыз, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің мына телефондарға 8(7252)97-60-09, 8 777 6123244 немесе «102» хабарлассаңыздар болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
1
5
5
3
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір