RU
Қытайда қазақстандық студент қыз қаза болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қытайда қазақстандық студент қыз қаза болды

Рассказать Вконтакте

19 жастағы қазақстандық бойжеткен Қытайдың Судьжоу қаласында 14-ші қабаттан құлап, қайтыс болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда қазақстандық студент қыз қаза болды. Фото: LiveJournal

Қытайда қазақстандық студент қыз қаза болды. Фото: LiveJournal

СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов бұл жайтты растап отыр.

"Қазір бұл дерек бойынша Қытай полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Кейінірек олардың біреуі қолхатпен босатылды», - деді Әнуар Жайнақов.

Белгілі боландай, Судьжоу қаласында 2-курста оқып жүрген 1999 жылғы Алматы облысының тумасы 1 желтоқсанда Пәкістан азаматының туған күн кешіне құрбысымен бірге барады.

Пәтерде Қазақстанның екі азаматшасынан бөлек, тағы бір пәкістандық болған. Жігіттер ішімдікке масайып, қыздарға тиісе бастайды. Сол сәтте бойжеткендердің бірі пәтердің бір бөлмесіне қашып, сол жердің есігін іштей жауып үлгерген.

Біраздан соң бөлмеден шыққан қыз құрбысының 14-інші қабаттан құлап кеткенін көреді. Сараптама қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсеткен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
11
10
27
5
11
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір