RU
Астанада жетімдер үйінің түлегін мектеп мұғалімі алдап, жүкті күйінде тастап кеткен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Астанада жетімдер үйінің түлегін мектеп мұғалімі алдап, жүкті күйінде тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Астанада жетімдер үйінің тәрбиеленушісін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алдап соғып, бойжеткенді жүкті етіп тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Астанада жетімдер үйінің түлегін мұғалімі алдап, жүкті күйінде тастап кеткен

Көрнекі фото

Елордадағы «Аналар үйін» тұрақтап, уақытша пана етіп отырған бойжеткендерді бірі – Динара Арыстанбаева. Жетімдер үйінен түлеп шыққан оны бірінші күйеуі ұрып-соғып күн көрсетпесе, екінші жолдасы екіқабат етіп тастап кеткен.

Бірінші күйеуімнен 12 жастағы балам бар, ол әзірге бұрынғы жолдасымның анасымен, яғни әжесімен тұрып жатыр. Алғашқы күйеуім ішімдікке салынып, үнемі қол көтеретін еді, сол себепті ажырасып тындық. Қазіргі әйеліне де қол жұмсайтын көрінеді, бірақ ол шыдамды, бәріне төзіп жүр. 8 жылдан астам уақыт болды, сәби сүйе алмай жүр, сол себепті де менің ұлымды әжесі қолына алған шығар. Ажырасқаннан кейін балам өзіммен бірге қалды, сағым сынбай, жұмысқа тұрып, өз күнімді өзім көріп жүрген жайым бар, - дейді Динара Арыстанбаева.

Бойжеткеннің азаматтық некеде болған екінші жігіті керісінше, ішпейтін, тіпті шылым шекпейтін адам болып шыққан. Айтуынша, мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған екен.

Екінші жолдасым өте сабырлы, байсалды адам. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ажырасқан. Аяғым ауыр деп айтқаным сол еді, хабарласпай, тастап кетті. Баламды туғаннан кейін, неше мәрте суреттерін де жіберіп көрдім. Бірақ бізді ешқашан іздеп келген емес. Ұлым Әзім әкесінен аумай қалған, сабырлы, тиянақты бала болайын деп тұр, - дейді жас ана.

Жетімдер үйі тәрбиеленушісінің асқақ арманы да жоқ емес. Жастайынан тенниспен шұғылданғысы келген келіншек, енді ұлдарым спортпен айналысса екен дейді.

«Үлкен ұлым таэквандомен, футболмен айналысады. Былтыр тіпті, қара белбеудің иегері атанды. Сәуірде «Аналар үйінен» шыққан соң, баламды балабақшаға беріп, жұмысыма шығамын деп отырмын.

Бастысы - баларымның амандығы. Өмірдің талай соққысын көрсем де болашақтан үміт үзбеймін, ұлдарымды ел қатарына қалай да қосамын», - дейді батыл ана.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
7
0
3
13
11
43
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір