RU
Астанадағы боранда адасып кеткен тұрғын суықтан үсіп өлді (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанадағы боранда адасып кеткен тұрғын суықтан үсіп өлді (фото)

Расказать Вконтакте

Елорда іргесіндегі ауыла бір азамат боранда адасып, үсіп өлді. Одан басқа басына құрылыс материалы құлаған астаналық тағы бір тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы боранда адасып кеткен тұрғын суықтан үсіп өлді (фото)

Кадр: КТК арнасы

Любовь Сыроватская қайтыс болған күйеуін жоқтап жылап отыр. 60 жастағы отағасы кеше қарлы боран кезінде жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Сөйтсе, электрик болып істеген Владимир өзі тұрған Қошқарбаев ауылының электр станциясын тексермек болған екен. Бірақ, дүлей дауылда адасып, үсіп өлген. Енді марқұмның жесірі, қарлы боранда күйеуін мәжбүрлеп жұмысқа шығарған басшыларын кінәлап отыр.

"Боран болған соң, күйеуім далаға шыққысы келген жоқ. Бірақ, басшылық жұмыстан шығасың деп қорқытыпты. Оның үстіне жолдасымның жүрегі ауыратын. Соған қарамастан үйден шығып кетті", - дейді оның жесірі Любовь Сыроватская.

Марқұмның денесін ауылдан 500 метр жерден қызметтестері тауып алған. Айтуларынша, Владимир Сыроватскийді жұмысқа шық деп ешкім қысамапты. Тіпті, аудандық электр желілері мекемесінің басшысы, электр станциясын тексерудің қажеті жоқ еді дейді. Өйткені, Қошқарбаев ауылында бірде-бір үйдің жарығы сөнбеген.

"Ауа райына байланысты диспетчерге нұсқау берген болатынмын. Яғни, айтарлықтай апат болмаса, электриктер ешқайда шықпауы керек деп. Бірақ, марқұм мұны түсінбеген болар. Жауапты маман еді. Отбасына көмек көрсетеміз", - дейді Целиноград аудандық электр желілері мекемесінің директоры Сергей Герасименко.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
1
3
7
15
4
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір