RU
Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Расказать Вконтакте

Шымкентте танымал отандық олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті. Елді шулатқан үйлену тойы Шымкенттегі Hotel Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінің үлкен залында өтті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Кіл атақтылар мен бай-бағландар шақырылған үйлену тойына даңқты боксшылар Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменов те қонақ ретінде қатысты.

Белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Геннадий Головкинмен бірге түскен фотосуретін инстаграм парақшасына жариялады.

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

«Жыл фотосы! Бұл фото қанша лайк жинайды екен? Геннадийдің кезекті жекпе-жегі алдын еліміздің әнұранын менің орындауымда тыңдасаңыздар таңғалмаңыздар?», - деп жазған ол Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде жүргенін көрсетті.

Сондай-ақ, Бейбіт Шүменов те Геннадий Головкинмен селфи түсіп, инстаграмына жариялады.

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Ол фотоның астына:

«Геннадий досыммен - бүгінгі қуанышты кештен естелік! Осы тұста кішкене тариxи шегініс жасайын. Геннадий екеуміздің жолдастығымыз сонау бокстан Қазақстан құрамасында 15-16 жаста жүрген кездерден басталады. Одан бері талай дүбірлі жарыстарда бірге болдық. Бірге жаттықтық. Олимпиадаға бірге аттандық. Содан бері біршама уақыт өтті. Кәсіпқой боксты еңсердік. Белестерді бағындырдық!», - деп естелік постын қосты.

Геотег ретінде ол да Rixos Khadisha Shymkent қонақүйін көрсетті.

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Фото: Instagram

Сондай-ақ, әнші Марсель де Геннадий Головкинмен бірге фотоға түсіп, «Бұл күнді ұзақ күттім», - деп жазып қойған.

Шымкентте олигархтың ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті (фото)

Фото: Instagram

Тағы да басқа көптеген қолданушылар 2018 жылдың 12 қарашасы күні кешкісін Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде Геннадий Головкинмен түскен фотосуреттерін инстаграмында жариялап жатты.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
13
3
13
7
13
46
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір