RU
СІМ Қытайда биіктен құлап көз жұмған қыз туралы жаңа деректерді айтты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

СІМ Қытайда биіктен құлап көз жұмған қыз туралы жаңа деректерді айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық студент қыз Қытайда досының үйінде 14 қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі.

СІМ Қытайда биіктен құлап көз жұмған қыз туралы жаңа деректерді айтты

Көрнекі фото

Дипломатиялық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 желтоқсанда болыпты. Он сегіз жастағы студент қыз құрбысымен бірге пәкістандық досының үйінде қонақта болады. Бойжеткен 14-қабаттағы пәтер терезесінен құлап қаза тапқан.

Оқиғадан кейін бірден тергеу ісі басталған. Пәкістанның екі азаматы қамауға алынды. Біреуі әлі түрмеде отыр, ал екіншісі елден кетпеу туралы қолхат беріп босатылған. Қазір тергеу әлі жүріп жатыр. Басқа мәлімет берілген жоқ, — деп хабарлады Жайнақов.

Қаза тапқан қыздың құрбысы да Қазақстан азаматы екен, екеуі Сучжоу қаласындағы университетте оқиды.

Шанхайдағы бас консулдығымыздың дипломаттары оқиғаны ести сала, туған-туыстарымен хабарласып, болған жайтты жеткізді. Бойжеткеннің мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін көмектесті. Қазақстандық дипломаттар мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Қыздың туыстарына жергілікті адвокат жалданды. Ата-анасы тергеудің аяқталуын күтуде, — дейді Жайнақов.

Марқұмның мәйіті Қазақстанға 25 желтоқсанда жеткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
7
7
15
5
18
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір