RU
Өгей әкесі мұрнын тістеп тастаған кішкентай қыздың ісіне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Өгей әкесі мұрнын тістеп тастаған кішкентай қыздың ісіне қатысты тың дерек шықты

Расказать Вконтакте

Ер адам сәбидің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды. Алматы облысында үш жасар қызды қорлау оқиғасына қатысты іс қозғауға негіз болған қылмыстық бап өзгертілді деп хабарлайды Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өгей әкесі мұрнын тістеп тастаған кішкентай қыздың ісіне қатысты тың дерек шықты

Өгей әкесі мұрнын тістеп, жұлып алған қыз

Полиция түсіндіргендей, қыздың анасы Талғар АІІБ-не 2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз берген, соған сәйкес ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық бап 106-шы (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) болып өзгертілгені белгілі болды.

Талғар АІІБ қызметкерлері оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның үстіне қоғамның назарына ілінгендіктен, облыстық департамент те істі ерекше бақылауына алды, — деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Тергеу барысында бұрын ұрлық жасап, әйелді зорламақ болғаны үшін сотталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде "Міндетті түрде келу" таңдалды.

Еске салсақ, Алматы облысында өгей әке үш жасар қызын сабап, мұрнын жұлып алған деген ақпарат тараған болатын.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
4
3
9
21
6
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір