Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құны 179 мың доллар: Шымкенттік олигархтың тойындағы торт елді таңғалдырды (фото, видео)

Опубликовано:

Шымкентте жергілікті олигархтың әулеті өткізген үйлену тойына салмағы 2 тонналық торт әкелінді. Зәулім сарай пішініндегі алып торт 12 қарашаның кешінде Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде ұйымдастырылған үйлену тойына әзірленген. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлемнің сегізінші кереметі: Шымкенттік олигархтың тойындағы торт елді таңғалдырды (фото, видео)
Әлемнің сегізінші кереметі: Шымкенттік олигархтың тойындағы торт елді таңғалдырды (фото, видео): UGC

Желіде таралған тортты әкелу рәсімінің видеосында белгілі асаба Тұрсынбек Қабатовтың дауысы естіледі.

Видеода «Бұл деген супер. Не деген торт мынау. Мынаның ішінде тұруға болады ғой, тіпті», - деп тамсана таңданған Тұрсынбек Қабатов.

Сондай-ақ, той меймандарының да «тортты бұзғың келмейді екен» деген сөздері естіледі.

Әлемнің сегізінші кереметі: Шымкенттік олигархтың тойындағы торт елді таңғалдырды (фото, видео)
Әлемнің сегізінші кереметі: Шымкенттік олигархтың тойындағы торт елді таңғалдырды (фото, видео): UGC

Бұдан бөлек, инстаграм желісінде осы торттың фотосуреттері таралған болатын.

Ал қатты таңғалған желі қолданушылары бұл тортты "әлемнің сегізінші кереметіне балады".

Мұндай керемет тортты орындаған Ренат Агзамовтың айтуынша, "туындының" диаметрі 3 метр, ал биіктігі 4,2 метр. Оның құны 179 мың доллар екені хабарланды.

Еске салсақ, Шымкентте дүркіреген той өтіп оған, даңқты боксшылар Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменов қатысып, шетелдік әншілер Джей Шон, Валерия, Дато, Доминик Джокер және тағы басқасы өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711921-kny-179-my-dollar-symkenttik-oligarhty-tojyndagy-tort-eldi-tagaldyrdy-foto-video/

pixel